Атырауда абаттандыру талаптарын бұзудың 5200-ден астам дерегі тіркелді

29.10.2026 08:32

Полиция ескертедІ: қоқыс пен өзге де қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген

Polisia.kz

Атырауда абаттандыру талаптарын бұзудың 5200-ден астам дерегі анықталды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Атырауда жыл басынан бері "Таза Қазақстан" аясында абаттандыру қағидаларын бұзудың 5 282 дерегі анықталды. Бұдан бөлек, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 314 дерегі тіркелді. Барлық дерек бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Мәселен, 21 қазан күні сағат 12:45 шамасында Атырау қаласындағы А.Пушкин көшесінде 41 жастағы ер адам көше бойына қоқыс қалдықтарын шығарып, қаланың абаттандыру қағидаларын бұзған.

Полиция ескертедІ: қоқыс пен өзге де қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастағаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Азаматтарды тазалық талаптарын сақтауға, қоршаған ортаны ластамауға және қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастамауға шақырамыз.

Толық көрсету