Қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған таулы және орманды аймақтарда
Алматы полициясы таулы аймақтарда рейд жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
“Таза Қазақстан” профилактикалық науқаны аясында Алматы полициясының қызметкерлері барлық жерде жергілікті рейдтер өткізуде. Атап айтқанда, қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған таулы және орманды аймақтарда.
Өкінішке қарай, көп адамдар табиғатты қадірлеп, қорғай бермейді. Мысалы, демалыстан кейін өздерінің артынан қоқыс тастап кетіп, ағаш бұтақтарын сындырып, балаларына жаман үлгі көрсетеді. Бұрын бірнеше рет хабарлағанымыздай, қоғамдық орындарды ластағаны және қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді. Сонымен қатар полицейлер мүдделі қызметтермен бірлесіп, экологиялық рейдтер жүргізуде, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Еске сала кетейік, Алматы қаласында құқық бұзушылыққа “мүлдем төзбеушілік” қағидатын нығайту, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында “Таза Қазақстан” профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Оқи отырыңыз: Ескі жиһаз және құрылыс қалдықтары: үлкен қоқыстарды қайда шығару керек