Таза жағалау: Қазақстан аймақтарында кең ауқымды экологиялық акция өтті

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі

Акцияға шамамен 38 мың адам қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

12 қыркүйекте «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Қазақстанның барлық аймақтарында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, іс-шараның негізгі мақсаты өзен жағалаулары мен су қоймаларын қоқыстардан тазарту, су айдындарының тазалығын сақтау және табиғи ресурстарға қамқорлықпен қарауды насихаттау болды.

Акцияға шамамен 38 мың адам қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, еріктілер, қоғам белсенділері және аймақ тұрғындары тазалық жұмыстарына қатысты.

Күні бойы қатысушылар өзендер мен су қоймаларының жағалауларын тазалап, 1,4 мың тонна қалдықтарды жинап, шығарды. Ең ластанған және демалыс үшін танымал жағалау аймақтарына ерекше назар аударылды.

Акция нәтижесінде 586 гектар жағалау аумақтары тазартылды, жиналған 991 тонна тұрмыстық қалдықтар қайта өңдеуге жіберілді.

«Таза Қазақстан» аясында табиғи аумақтарды жақсарту және тазалау жұмыстары еліміздің барлық аймағында жалғасады.

Оқи отырыңыз: Президент БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге барды