Экодесант жасағы аумақтан жалпы саны 100 қап қоқыс шығарды
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында экодесант жасағы өзен жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл бастама «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында қолға алынған. «Ыстық жазды қоқыссыз өткіз» атты іс-шараға 100-ге тарта адам атсалысты. Олардың арасында еріктілер мен белсенді жастар және жергілікті тұрғындар бар. Экодесант жасағы аумақтан жалпы саны 100 қап қоқыс шығарды. Осылайша олар табиғи ортаның тазалығын сақтауға және экологияны жақсартуға үлес қосты. Экологиялық акцияға қатысқандарға жейделер, шопперлер, блокноттар мен фитнес-бөтелкелер таратылды.
Оқи отырыңыз: Шомылу маусымы: ІІМ қауіпсіздік ережелерін сақтауға үндеді