Алматыда референдум күні көлік тұрағы тегін болады

05.06.2022 13:23

5 маусым күні алматылықтар базарлардың жанындағы қоршалған алаңдарда орналасқан тұрақтар мен тротуар типті тұрақтар үшін ақы төлемейді

ашық дереккөз

Алматыда республикалық референдум күні көлік тұрағы тегін болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Alan Parking және «Алматыспецтехпаркинг» компанияларының мәліметінше, 5 маусым күні алматылықтар базарлардың жанындағы қоршалған алаңдарда орналасқан тұрақтар мен тротуар типті тұрақтар үшін ақы төлемейді.

Еске сала кетсек, Конституцияға өзгерістер енгізуге 18 жастан асқан барлық Қазақстан азаматы қатыса алады.

Сайлау учаскелері Қазақстанның барлық елді мекендерінде және шетелдік 52 мемлекетте ұйымдастырылады.

Ресми дауыс беру уақыты - жергілікті сағат бойынша таңғы 07:00- де басталып, кешкі сағат 20:00- де аяқталады.