Бірнеше күн ішінде Нариман мен оның достары ондаған адамды жеткізген
Шымкенттіктер күн аязды болуына байланысты тұрғындарды көлікпен тегін тасып жүр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Otyrar.kz-тің хабарлауынша, Нариман Ахметов достарымен бірге мүмкіндігінше тұрғындарды үйіне жеткізіп, қиын жағдайға тап болғандарға көмектесіп жүр.
"Ең бастысы – адамдарға көмектесу, шымкенттіктер үшін қыс қатал болып тұр. Адамдарға көмектесу керек. Өзім негізі қажет кезде көмектесемін, ақшасы болмаса, тегін жеткіземін, бұдан шығынға батып қалмаймын, бұл – игі іс, көмектескендерге еселеніп қайтады", – дейді такси жүргізушісі Нариман Ахметов.
Бірнеше күн ішінде Нариман мен оның достары ондаған адамды жеткізген.
Синоптиктердің болжамынша, Шымкентте 12 қаңтарда түнде 25 градус аяз болады.