1 сәуірден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларындағы барлық рейс тоқтайды

31.03.2020 18:28

Мұндай шаралар коронавирус инфекцияcының таралмауы үшін жасалып отыр

1 сәуір 00.00 сағаттан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларындағы барлық тұрақты халықаралық және эвакуациялық жолаушылар рейстері жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов тиісті қаулы шығарды. Соған  сәйкес, халықаралық жолаушылардың әуерейстері еліміздің басқа қалаларындағы әуежайларға қайта бағытталады. Мұндай шаралар коронавирус инфекцияcының таралмауы үшін жасалып отыр.