Желтоқсан айына дейін 50 аялдама салынады
Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алатау ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесу барысында қала әкімі 6 маршруттық желінің мәселесі шешілгенін атап өтті. Енді жаңа №35 және №24 бағыт ашылды. Сонымен қатар №129 және №132 маршруттар ұзартылып, №103 және №69 бағыттағы автобустар жаңартылды.
Әкімнің айтуынша, қазіргі таңда 20 аялдаманың құрылысы басталды. Ал желтоқсан айына дейін 50 аялдама салынады.
2022 жылдың соңына дейін автобус аялдамаларының жетіспеушілігі толығымен шешіледі.