Бұл жаңарту жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін де арттырды
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Алмалы ауданы халқымен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қала басшысы өз сөзінде аудан тұрғындарының өтініші бойынша 11 тамыздан бастап Тілендиев пен Брусиловский көшелерінің аралығындағы Есенжанов пен Шәкәрім көшелерінің бойымен біржақты қозғалыс енгізілгенін айтты.
«Жаңартулар белгіленген аралықтарды конфликттік жағдайлардан және кептелістерден шығарып қана қоймай, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін де арттырды», - деді Ерболат Досаев.