Автобустар табиғи газбен жүреді, заманауи стандарттарға толық сай
Алматылық тұрғындардың көпшілігінің сұрауы бойынша №37 бағыттың автобустары 100%-ға жаңарды, деп хабарлайды Almaty.tv.
19 жоспарлы бірлік бағыт бойынша 8-9 минуттік интервалмен жүреді, тағы 5 бірлік резервте.
18 метрлік автобус-гармошкалардың сыйымдылығы үлкен, төмен еденді және арнайы қалалық жолаушылар тасымалы үшін жасалған. Автобустар табиғи газбен жүреді, заманауи стандарттарға толық сай, кондиционерлермен әрі видеобақылау камераларымен жабдықталған.
Мемлекеттік тіркеуден өтіп, ONAY қондырғылары орнатылған соң автобустар қызмет көрсетуге дайын болады.
Сыйымдылығы — 150 адам, 36 отыратын орын бар.