Алматының бірнеше көшесінде жол қозғалысы шектеледі

29.06.2023 в 14:32

Көшедегі қозғалыс жүрісі екі жақтан да жабылады

1 шілдеде сағат 22:00-ден бастап 2 шілде сағат 22:00-ге дейін Алматы қаласының Медеу ауданында Қазыбек би мен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін құбырға ағымдағы жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз", - делінген хабарламада.