Қазақстанның 3 облысында жолдар жабылды

23.02.2021 14:34

23 ақпанда сағат 07.30-да қар, боран, жолдың нашар көрінуі салдарынан үш облыста барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелген

Қазақстанның үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысы шектеліп, жолдар жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 ақпанда сағат 07.30-да қар, боран, жолдың нашар көрінуі салдарынан үш облыста барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелген.

Қостанай облысы бойынша жабық тасжолдар:

* Қостанай - Әулиекөл-Сурган, Қостанайдан Ақмола облысы шекарасына дейін;

* Денисовка-Жетіқара-Мұқтыкөл-РФ шекарасы, Жетіқара кентінен РФ шекарасына дейін;

* Денисовка-Аршалы-Комаровка, Денисовка ауылынан Комаровка ауылына дейін;

* Жетіқара кентінен Чайковский кентіне дейін;

* Мариновка селосын 0-ден 9 шақырымға дейін.

Қарағанды облысы бойынша жабық тасжолдар:

* Жезқазған-Петропавл, Қарағанды облысы шекарасынан Ақмола облысы шекарасына дейін.

Ақмола облысы бойынша жабық тасжолдар:

* Жақсы-Есіл-Бұзылық, Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін;

* Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, Қостанай облысы шекарасынан Сұрған кентіне дейін;

* Жезқазған-Петропавл, Қостанай облысы шекарасынан СҚО шекарасына дейін;

* Екатеринбург-Алматы, Жақсы кентінен Атбасар қаласына дейін.