Қазақстандық тізілімде бұл үлгідегі бір ғана әуе кемесі тіркелген
Азаматтық авиация комитеті Boeing 737 MAX ұшағының ұшуына шектеу енгізді, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті 2019 жылдың 13 наурызынан «СКАТ» әуе компаниясының Boeing 737 MAX ұшағын пайдалуды уақытша тоқтатты. Қазақстандық тізілімде бұл үлгідегі бір ғана әуе кемесі тіркелген», - деп хабарлады комитет Фейсбуктегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, 10 наурыз күні таңертең Аддис-Абебадан Найробиге жол тартқан Ethiopian Airlines әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесімен байланыс ұшақ жерден көтерілгеннен кейін алты минуттан соң жоғалды. Апатқа ұшыраған ұшақ бортында 149 жолаушы және экипаждың сегіз мүшесі болған. Қаза болғандардың арасында 35 елдің азаматы бар.