Қазақстанда пойыздағы төменгі орындар қымбаттайды

27.10.2022 14:44

Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы 20 пайыз болады

turkystan.kz

Кейбір коммерциялық пойыздардағы төменгі орындар 1 желтоқсаннан бастап 20 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚТЖ мәліметіне сәйкес, "Жолаушылар тасымалы" АҚ 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылдың 28 ақпанына дейін Пилоттық режимде  коммерциялық пойыздардағы жоғарғы және төменгі орындарға жол жүру ақысына аталмыш тәсілді енгізеді. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жолақы айырмашылығы 20 пайыз болады.

Төменгі орындар төмендегі бағыттағы жолаушылар пойызында қымбаттайды:

№111/112 "Алматы - Маңғыстау";
№51/52 "Алматы - Орал";
№105/106 "Алматы - Петропавл";
№71/72 "Астана - Шымкент";
№29/30 "Алматы - Атырау".