Қазақстандағы жолдардың 6 мың шақырымы ақылы болады

08.11.2019 14:49

2022 және 2023 жылдар аралығында ақылы етудің екінші кезеңін жүзеге асыру көзделген

МИИР РК

Қазақстанда алдағы екі жылда 6 мың шақырым жол ақылы болады. Бұл туралы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жоба екі кезең бойынша жүзеге аспақ. 2020 және 2021 жылдары Батыс Еуропа-Батыс Қытай, Нұр-Сұлтан - Қостанай - Ресей шекарасына дейін, Щучинск - Петропавл, Нұр-Сұлтан-Павлодар, Қалбатау - Павлодар - Ресей шекарасына дейін, Таскескен  -Бақты, Қапшағай - Талдықорған, Атырау - Орал, Атырау - Доссор - Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасына дейін және Ақтау - Бейнеу жолдарымен жүру үшін ақша төлеу қажет болады.