Бұл туралы қала әкімі аудан халқымен кездесуінде мәлімдеді
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуінде ауданда жол-көлік инфрақұрлымы қалай дамып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Тұрғындардың өтініші бойынша осы жылдың тамыз айында Есенжанов пен Шәкәрім (осы жылдың 11 тамызы) Тілендиев пен Брусиловский көшелерінің арасында және Артем көшесінде (осы жылдың 30 тамызы) Брусиловскийден Тұрғыт Өзал көшесіне дейін 3 көшеде біржақты қозғалыс енгізілді", - деп мәлімдеді қала әкімі.
Оның айтуынша, жолдардың пайдалану сипаттамаларын жақсарту үшін жалпы ұзындығы 13 км болатын 16 көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Осы жылдың 15 қарашасына дейін тағы 2 көшедегі жөндеу жұмыстары аяқталады (Қазыбек би көшесі – 8 83 м және Әйтеке би көшесі - 272м).
"1,3 км тротуар желісін салудың арқасында 16 мекенжайдағы жаяу жүргіншілер өткелінің қауіпсіздігі артты, сондай-ақ 8 учаскедегі 900 м тротуар жөнделді", - деді Досаев баяндамасында.
Мегаполис басшысы биылғы жылы 6 реттелетін бағдаршам өткелін салып(5Байсейітов: -Қабанбай батыр, -Бөгенбай батыр, -Құрманғазы, -Шевченко, –Гоголь көшелері және Абылайхан - Әлімжанов көшесінің бойымен), қозғалыс ең көп жол бөліктері қауіпсіз етілгенін айтып өтті. Сондай-ақ қосымша 4 жаңа жаяу жүргіншілер өткелі жайластырылды.