Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ
Шығыс Қазақстан облысын жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Оқиға Өскемен-Күмістау темір жол аймағында болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде көпір маңында рельстен шығып кеткен вагондардың видеосы тарады. Куәгерлер 10 вагонның аударылып, тағы 6 вагонның Ертіс өзеніне құлағанын айтқан.
Кейін "Қазақстан Темір жолы" ресми мәлімдеме жасап, оқиғаның 3 сәуірде 12:04-те болғанын айтты.
Жүк пойызының барлығы 18 вагоны рельстен шыққан. Пойыз 37 км/сағ жылдамдықпен қозғалған. Кен тиелген екі вагон Ресей меншігінде, өзге он алты вагон "ҚазцинкТемірТранс" ЖШС-ға тиесілі.
Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.
Видео из телеграм-канала @abzhannews