Жол қозғалысы ережелерін білмегені үшін жұмыстан босатқан
Түркістан облысында жол ережесін білмеген полицейлер жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мотоцикл жүргізушісінен өрт сөндіргіш құрал мен дәрі қорабының бар-жоғын тексерген. Ал мотоциклде ондай заттардың жоқ екенін айтқан жігіт сақшылардан өзіне хаттама толтыруды да талап етеді.
Көшедегі көлікті реттеушілердің өздері жол қозғалысы ережелерін білмейтін болып шықты. Түркістан облысы Полиция департаментінің ақпаратында осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіп, жергілікті полиция қызметіне қарасты патрульдік полицейлер жұмыстан босатылды делінген.