Республикалық маңызы бар автожолдарда 300 арнайы техника мен 350 маман жұмылдырылды
ҚазАвтоЖол еліміздегі тасжолдардың 14 бөлігінде жол жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«15 сәуір сағат 00:00-дегі ақпаратқа сәйкес, 5 облыста (Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар) ауа райының күрт нашарлауына байланысты (жаңбыр, қар, боран) жалпы ұзындығы 1529 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар автожолдардың 14 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілді», - деп жазды ведомстводан.
Республикалық маңызы бар автожолдарда 300 арнайы техника мен 350 маман жұмылдырылды