Алматыда қоғамдық көлікті бақылайтын 2 мыңға жуық табло орнатылады

10.11.2022 15:11

Қала әкімінің айтуынша, бюджеттен ақша бөлініп қойған

vlast.kz

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесуде аудан тұрғыны аялдамаларда қоғамдық көлікті бақылайтын табло орнатуды сұрады.

"Қоғамдық көлікті жиі пайдаланушы ретінде қоғамдық көлікті бақылайтын табло орнатуыңызды сұраймын", -деп өтінішін жеткізді аудан тұрғыны.

Ерболат Досаевтың айтуынша, таблолар қала аялдамаларына 2023 жылы қойылады.

"Келесі жылы 2 мыңдай табло орнатуды жоспарлап отырмыз. Бюджеттен ақша дайындап қойдық. «Оңай» траспорттық холдингімен қосылып, автобустардың жүру кестесін, нөмірлерін таблоға енгіземіз", - деп жауап берді әкім.