Бүгін ауа райының бұзылуына байланысты «Атырау-Орал» автожолында бірқатар көліктердің жүруіне шектеу қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
«Батыс Қазақста облысында күн райының бұзылуына байланысты (жолдың нашар көрінуі, боран) бүгін сағат 00.00-ден бастап (Нұр-Сұлтан уақытымен) «Атырау-Орал» автожолының 375-492 шақырымында, атап айтқанда, Чапаево кенті мен Орал қаласы арасындағы учаскеде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк және қоғамдық автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі. Оқыс жағдай орын алса, 1403 нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталыққа хабарласа аласыздар», – делінген министрліктің хабарламасында.