Қазақстандықтарға 16 елге ұшуға рұқсат етілді

22.09.2021 15:21

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады

Фото: ecotrip.kz

Қазақстан билігі 21 қыркүйектен бастап әлемнің 16 еліне рейстер санын ұлғайтуға, жаңдандыруға және ашуға рұқсат етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейстер саны мына елдерге ұлғайтылды:


  • Ресей – аптасына 54 рейске;
  • Түркия – 7 рейске;
  • БАӘ – 9 рейске;
  • Өзбекстан – 5 рейске;
  • Германия – 5 рейске;
  • Мальдив – 3 рейске;
  • Корея – 6 рейске;
  • Польша – 2 рейске;
  • Венгрия – 1 рейске;
  • Сауд Арабиясы - 1 рейске.


Сондай-ақ, Чехиямен (аптасына 2 рет), Қытаймен (аптасына 8 рейс), Әзірбайжанмен (аптасына 3 рейс) тұрақты рейстер жанданды.

Бұдан бөлек, Италиямен аптасына 2 рет, Шри-Ланкамен аптасына 3 рет, Кувейтпен аптасына 3 рет тұрақты рейстер ашылады.

«Қазіргі уақытта әуе компаниялары ұшу кестесін құрып жатыр. Рейстерді орындау осы елдердің тиісті уәкілетті органдарымен келісіледі», – делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып,  әуе компанияларының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.