Алматы қаласының Түрксіб ауданында жаңа автобус бағыты іске қосылады

08.06.2023 15:32

Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты

gov.kz

Алматыда қоғамдық көлікті дамыту басым міндет болып табылады. Сондықтан қаланың барлық аудандарында, соның ішінде Түрксіб ауданында көлік бағыттары қарқынды жаңаруда. Аудан тұрғындарының өтініштері бойынша 2023 жылы №50, 10, 227 45 автобус бағыттары жаңарды. Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, автобустарды жаңарту жалғасады: 12 бағытта жылжымалы құрам жаңартылады, сондай-ақ сегіз автобус  Қайрат ш/а-нан "Райымбек" метро станциясына дейін жүретін болады.