Алматыда Жұмабаев көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

23.07.2022 15:50

Жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі

ашық дереккөзден

Алматыда жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 23-26 шілде аралығында түнгі уақытта сағ. 22:00 мен 08:00-ге дейін Жұмабаев көшесінің Солтүстік айналма көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз", - делінген Алматы қалалық мобилділік басқармасының хабарламасында.