Олардың саны 108 бірлікке дейін артады
Қоғамдық көлікке қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында биыл Алматы әкімдігі қосымша 600 жаңа автобус сатып алды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, "Алматыэлектротранс" ЖШС тасымалдаушысы Наурызбай ауданының 6 бағытында жылжымалы құрамды жаңартады (№44, 55, 115, 137, 118, 212). Бүгінде оларға 83 бірлік тартылған, көп ұзамай олардың саны 108 бірлікке дейін артады.