Нұр-Сұлтанда сайлау күні қоғамдық көліктер тегін жүреді

28.05.2019 17:07

Бірақ бұл жеңілдік қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көліктерге жарамайды

Sputnik

9 маусым күні елордада қоғамдық көлікпен тегін жүруге болады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі.

«Елдің жүрегі – Нұр-Сұлтан дауыс береді» акциясы аясында қалалық және экспресс бағыттағы автобустың бәрімен тегін жүруге болады. Алайда қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын қоғамдық көлік үшін мұндай жеңілдік қарастырылмаған», – делінген хабарламада.

Жексенбі, 9 маусым күні қоғамдық көлік күнделікті режимде жұмыс істейді.

Теги: проезд