Жаз мезгілінде қосымша пойыздар шығады

13.05.2019 16:58

Қосымша екі пойыз Алакөл демалыс орнына қатынайды

фото из открытых источников

Елімізде жаз айларында қосымша пойыздар іске қосылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Атап айтсақ:

- «Алматы –Орал» бағытындағы бір реттік пойыз Алматы қаласынан 25 мамыр күні, ал кері бағытта – Орал қаласынан 28 мамыр күні жолға шығады. Сонымен қатар, «Қала маңы тасымалы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен  бірлесе отырып, жаз айларында Алакөл демалыс орынына қатынайтын қосымша екі пойызды іске қосады. 

- №457/458 «Семей-Достық»  бағытындағы пойыз 1 маусымнан бастап 31 тамызға дейін күнара жүреді. Жолда жүру  уақыты - 17 сағат 13 минут.  

- №459/460 «Өскемен-1 – Достық» бағытындағы пойыз 1 маусымнан бастап 31 тамызға дейін күнара жүреді. Жолда жүру уақыты - 18 сағат 57 минут.