Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 4,3 млрд теңге бөлінді
Алмалы ауданында жалпы ұзындығы 25 км болатын аудандық маңызы бар 11 көше мен 5 магистральдық көшені орташа жөндеу маусым айында басталады. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 4,3 млрд теңге бөлінді.
"Орталықсыздандыру аясында биыл аудан әкімдіктері тек жолдарды жөндеуді бастайды. Бұл үшін Алмалы ауданына 500 млн теңге бөлінді, бұл шара 46 мың м2 жол төсемін жөндеумен қамтуға мүмкіндік береді", - деді әкім.