Министрлік өкілі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырды
Еліміздің сегіз өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
«Ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, жаяу бұрқасын, шектеулі көріну) еліміздің сегіз өңірінде Нұр-Сұлтан қаласындағы, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», – деді Талғат Уәли.
Министрлік өкілі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырды.
«Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар. Қыс маусымында көлікпен алыс жолдарға шықпас бұрын, ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеген жөн», – делінген министрлік хабарламасында.