Бұл видеобақылау жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында жасалады
Алматының Наурызбай ауданында адамдар көп жиналатын орындарда қосымша 900 видеомониторинг камерасы орнатылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, бұл видеобақылау жүйелерінің желісін кеңейту жобасы аясында жасалады.
"Жол қауіпсіздігін жақсарту мақсатында 2023 жылдың І тоқсанында ауданның магистральдық көшелерінде 19" Сергек" АӨК орнатылды", - деп еске салды Ерболат Досаев.