Қолға алынған шаралардың арқасында жол апатының саны 8,5%-ға қысқарды
Алматы жолдарындағы «Жол қозғалысы қауіпсіздігі» автоматтандырылған жүйесінде 108 жұмыс жасап тұр. Жыл соңына дейін камералардың санын 142-ге жеткізу жоспарда бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бұл жоба жүргізушілердің тәртібін түзеуге және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Қолға алынған шаралардың арқасында жол апатының саны 8,5%-ға қысқарды. Ал жол апатынан жапа шеккендердің саны 10%-ға азайды.
Қалалық әкімшілік полиция басқармасының мәліметіне сүйенсек, камералардың көмегімен жыл басынан бері жол ережесін бұзған 255 мың жүргізуші жауапкершілікке тартылған.
Сонымен қатар, 1073 жүргізушінің мас күйінде көлік тізгіндегені анықталды. 1891 жүргізуші сот арқылы көлік жүргізу құқығынан айырылды.