Жол қызметкерлері үздіксіз жұмыс істеуде
Қалбатау ауылынан Өскемен қаласына дейінгі бағытта арнайы қар тазалайтын жол-пайдалану техникасының көмегімен жолшылар 6 жеңіл және 200 жүк машинасынан тұратын колоннаны ертіп жүрді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, еліміздің шығысында соңғы үш күнде ауа-райы қолайсыз. Сол себепті бірқатар республикалық маңыздағы тасжол жабылды. Қарды ауыр техникамен тазалағаннан кейін күре жолдардың бойында биіктігі 2 метрге дейін жететін жерүсті қарлы туннельдер пайда болды.
Жол қызметкерлері үздіксіз жұмыс істеуде.