Жетісу ауданында жаңа автобустар жүретін болады

25.05.2023 16:12

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді

gov.kz

2023 жылы Алматыда қосымша 600 жаңа автобус сатып алынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл тұрғындарға қызмет көрсету сапасы мен ыңғайлылығын арттыру үшін жасалады, деп атап өтті әкім Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде.

"Жетісу ауданына қызмет көрсететін 14 бағытта автобустардың саны 256-дан 281 бірлікке дейін ұлғайтылады. Қоғамдық көлікті дамыту біз үшін басты міндеттің бірі болып табылады. Жетісу ауданы тұрғындарының өтініші бойынша ағымдағы жылы №56, 123 және 17 бағыттар "Құлагер" ДСК  дейін дейін ұзартылды", - деді әкім.