Алматыда мереке күндері қоғамдық көлік қалай қатынайды

02.01.2022 03:39

31 желтоқсанда қаладағы барлық қоғамдық көлік кестеге сәйкес толық жұмыс істейді

Фото: ашық дереккөзден

Алматыда мереке күндері қанша қоғамдық көлік жолға шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

"Құрметті алматылықтар! Жаңажылдық мерекеге байланысты 1 қаңтар күні сағат 06:00-ден 09:00-ге дейін қоғамдық көліктің 50%-ы жолға шығады. Ал 2,3,4 қаңтарда жұмыс мерекелік күндер кестесіне сәйкес жүргізіледі", - делінген қалалық мобильдік басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін, яғни 31 желтоқсанда қаладағы барлық қоғамдық көлік кестеге сәйкес толық жұмыс істейді.