Алматыда тәртіпсіздік кезінде қанша велосипед зақымданды

17.01.2022 17:53
пресс-служба акима Алматы

Алматыда тәртіпсіздік кезінде 220 велосипед зақымданды. Бұл туралы қала әкімі Б. Сағынтаевтың төрағалығымен Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүлік кезінде 21 станция зақымданып, 170 велосипед ұрланды.

Сонымен қатар 28 қоғамдық көлік зақымданды. Қазіргі таңда 16 автобус қалпына келтірілді.