Алматының Медеу ауданында екі көше уақытша жабылады

13.07.2022 в 16:29

Көшелердің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыржолдар учаскелерінде жоспарлы қайта құрылымдау жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі

Алматы қаласының Медеу ауданында түнгі уақыттарда екі көше қиылысындағы жол жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС сілтеме жасап.

Алматының Медеу ауданында көлік қозғалысы жабылады:  

-15 шілде сағат 22:00-ден 16 шілде сағат 06:00-ге дейін Достық даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында;

-16 шілде сағат 22:00-ден 17 шілде сағат 06:00-ге дейін Бөгенбай батыр және Пушкин көшелерінің қиылысында.

«Аталған көшелердің көлік жүретін бөлігінің астынан өтетін магистральдық құбыржолдар учаскелерінде жоспарлы қайта құрылымдау жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.

Теги: перекрыты