Алматыда электроавтобустар жүре бастайды

15.05.2019 17:18

Көп ұзамай алғашқы 10 автобус бағытқа қойылмақ

Tengrinews.kz

Алматыда алдағы уақытта алғашқы 10 электроавтобус пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала басшысы Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Әкімнің айтуынша, Алматының автобус паркі 2 жыл ішінде 80 пайызға жаңартылған.

«Қала экологиясын жақсарту үшін электр көлігін енгіземіз. Үш буындағы электроавтобустарды құрастыратын қазақстандық-германиялық-гонконгтық зауыт ашылды. Алматыда жасалған алғашқы 10 автобус таяуда бағытқа қойылады», - деп жазды Байбек Twitter желісінде.