Қазақстанда ұшақта 20 келі багажды тегін тасуға тыйым салынбақ

18.04.2019 16:37

Мәжіліс пен Сенат бұл өзгерістерді мақұлдап үлгерді

Zakon.kz

Сенат багаж құнын әуе тасымалдаушылардың өздері бекітуді көздейтін заң жобасына түзетулерді мақұлдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 баптың 4 бөлігі жаңа редакцияда былай жазылды: Әуе көлігінде қол жүгі мен багажды тегін тасымалдау нормасын, салмағы мен көлемін тасымалдаушы бекітеді.

Бұрынғы заңда салмағы 20 келіден аспайтын қол жүгін тегін тасымалдау бекітілген болатын.

Осылайша, ұшақта багажды тегін тасуға болмайтын сияқты.

Мәжіліс депутаты Павел Казенцев  авиабилеттер құнын осылайша төмендетуге болады деп санайды. Алайда бұл түзету қабылданып кетсе, қазақстандықтар багажының әр келісіне ақы төлеуге мәжбүр болмақ, ал әуе тасымалдаушыларының тарифтерін төмендететініне ешқандай кепілдік жоқ.

Теги: поправки