Мемлекеттік қызметті электрон форматта алу үшін жүргізуші куәлігін алғысы келетін адам порталда өтінім жасауы қажет
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көлік құралдарын басқару құқығын алуға медициналық тексеруден өту ережелерін өзгерту туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
«Өтінім берушілерді медициналық тексеруге терапевт, мамандар осы ереженің 5-тармағында көрсетілген психологиялық белсенді заттарды қолдануға биологиялық ортаны тексеру кіреді»,– делінген жаңа бұйрықта.
Осылайша жаңа ережелерде флюорографиядан өту туралы талаптар жоқ.
Комиссия құрамына: терапевт, окулист, оториноларинголог, медициналық психолог не психолог және нарколог маман кіреді. Медициналық комиссия штатында мамандар болмаса комиссия құрамына медициналық ұйым басшыларының келісімі бойынша тиісті бейіндегі мамандар енгізіледі.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру тәртібі өзгертілді. Егер бұрын бұл тек қызмет беруші (медициналық ұйым) арқылы жүргізілсе, енді құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жіберу және алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметті электрон форматта алу үшін жүргізуші куәлігін алғысы келетін адам порталда өтінім жасап, оған ЭЦҚ арқылы қол қоюы керек. Нәтижесі адамның "жеке кабинетіне" электрон құжат түрінде жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады:
мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттардың немесе олардағы деректердің дұрыс еместігі;
тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттар;
медициналық тексерудің теріс нәтижесі.