«Нұр-Сұлтан – Петропавл» тас жолы ашылды

08.02.2021 16:43

7 ақпан ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола облысы аумағында республикалық және облыстық маңыздағы жолдардың бірқатар учаскелері жабылған болатын

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысы аумағында ауа райының жақсаруына байланысты «Нұр-Сұлтан-Петропавл» тас жолы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Ауа райының жақсаруына байланысты 8 ақпан таңғы сағат 09:30 бастап «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автомобиль жолының 18-231 шақырым учаскесінде (Нұр-Сұлтан қаласынан-Щучье қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысы рұқсат етілді»,– деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіндегілер. 

Айта кетейік, 7 ақпан ауа райының нашарлауына байланысты Ақмола облысы аумағында республикалық және облыстық маңыздағы жолдардың бірқатар учаскелері жабылған болатын.