Әуе кемесінде техникалық мәселе орын алған
SCAT әуекомпаниясының ұшағында мәселе туындағандықтан Таиландтағы 300-ге жуық қазақстандық азамат Астанаға ұшып келе алмай отыр, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Азаматтық авиацияның ақпараты бойынша, VSV465 рейсі 11 наурыз күні Астана уақытымен 17:00 ұшуы қажет болған.
Бірақ әуе кемесінде техникалық мәселе орын алған.
«Аталған рейстің 283 адамына қонақүйден нөмір ұсынылып, тамақ берілген», - делінген хабарламада.
Түнде әуекомпаниясының мамандары Пхукетке ұшақтың мәселесін шешу үшін ұшып кетті.