Бұл салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін жасалды делінеді
Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімі биылғы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне дейін ауыстырылады», – деді ол.
Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста бірінші оқылымда салық салу және инвестициялық ахуалды жақсарту туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады.