Қазақстанда мамандандырылған ХҚКО-лар уақытша жұмысын тоқтатты

13.03.2019 16:49

Ведомство өкілдері осы қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады

BNews.kz

Автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру қызметі техникалық ақауларға байланысты уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметі.

«Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚКО мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімшелерінде көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызметтер уақытша тоқтатылды», - делінген хабарламада.  

Ведомство өкілдері осы қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Сондай-ақ жұмыстың қалыпқа келтірілгені туралы ақпарат қосымша хабарланатындықтарын жеткізді.


Теги: сбой