Жол белгілері әл-Фараби даңғылында, Сырғабеков, Водозаборная, Желтоқсан, Бұқтырма көшелерінде пайда болды
Қаланың кейбір даңғылдарында қызыл түсті жолақ белгілері пайда болды. Бұған дейін көлік жүргізушілері мен қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін көресетілген белгілерде қызыл жолақты көрмеген қала тұрғындары бастапқыда таңырай қарағаны рас. Ол жолақтар нені білдіреді? Тәртіп сақшыларының бастамасымен іске асқан жобаның мақсаты қандай? Almaty.tv тілшісі Ұлағат Арғын түсіндірсін.
Мамандардың айтуынша, осындай қызыл белгілер салынған аймақтарда жол-көлік оқиғалары жиі болады екен. Бұрын-соңды қала көшелерінде қауіпсіздіктің алдын-алу мақсатында басқа түстер белгіленсе де қызыл белгі сызылмаған. Бұл көлік жүргізушілері мен қала тұрғындарның ерекше назарын аударту үшін боялған.
Қала көшелерінде көлік жүргізушілері назарына қауіпсіздік ережелері мен бағыт көрсету тақталары орнатылған. Сондай-ақ, бұған дейін таңбалаудың сары, қара түстері қолданылғанмен қазыл түс еш жерде боялмапты. Тәртіп сақшылары бұл белгі қала халқының бірден назарын аудартатын тиімді әдіс екенін айтады. Жоба тұрғындардың да көңілінен шыққандай.
БЛИЦ:
- Ыңғайлы, жақсы. Енді білетін болдық, байқамай қалмайтындай емес. Үлкен.
- Түнгі уақыттарда жақсы көрінуі мүмкін қызыл жолақтар. Шетелде жүрген сияқтысың, басқа елдерде осындай ғой.
Қызыл белгілерді сызу жұмыстары 1 қазаннан басталған. Бұл жол апаттары жиі болатын жерлерге сызылған. Атап айтқанда, әл-Фараби даңғылы, Сырғабеков, Желтоқсан, Бұқтырма көшелерінде.
"Аталған жолақтар қаланың 9 көшесіне орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Жолақтар қазір 8 көшеге орналастырылды. Тоғызыншы көше ол Рысқұлов даңғылы мен Жангелдин көшесімен Айша бибі көшесімен қиылысқан тұста сызылып жатыр", – деді қалалық Мобилділік басқармасының бас маманы Жарқынбек Мангулов.
Қазіргі жүргізіліп жатқан шаралар оң нәтежие берсе, алдағы уақытта қаладағы тағы да бірқатар үлкен даңғылдар бойына осындай қызыл жолақтар сызылады деп жоспарланып отыр. Жобаны қалалық мобилділік басқармасы және полиция департаменті бірлесіп қолға алған екен.
Ұлағат Арғын, Рашид Шүкіралиев, «Алматы» арнасы