Нью-Йорк, Токио мен Шанхайға тікелей әуе рейстері ашылады

05.02.2019 20:01

Отандық әуе рейстері жаңадан төрт ірі бағытқа ұшатын болады

Биыл Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе көліктерін тікелей Жапония, АҚШ, Қытай мен әлемнің ірі қалаларына ұшыруды жоспарлап отыр. Мұны Үкімет отырысында министр Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, қазір Нью-Йорк, Шанхай билігімен келіссөздер жүріп жатыр.  Барлық рейстерді «Эйр Астана» әуе компаниясы жасайтын болады.  

«Қазір Токиомен келісімге қол қойылған. Жапония авиация билігімен рейстер туралы аккредиттеу шарасы бойынша сұрақтарды талқылауға кірісеміз. Қос Үкімет арасында әуе қатынасы туралы жоба дайындалған. Біз жалпы6 төрт ірі әуе қатынасын қолға алмақшымыз», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс ҚАСЫМБЕК.

Айта кетейік, Президент Нұрсұлтан Назарбаев 30-шы қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жауапты министрлікке АҚШ пен Жапонияға тікелей қатынайтын рейстерді ашу керектігін тапсырған еді.