Көлікке деген сұраныс жылдан жылға артып келеді
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу бойынша директоры Ербол Сейпілов биыл отандық көлік өндірісі артатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
"Әрине, егер инвесторлар келем деп жатса, елімізге жаңа бренд ұсыныс тастаса біздің құшағымыз ашық. Біз әрбір көлік брендіне елімізде көлік шығаруына, локализация жасап, инвестиция құюына қарсы емеспіз. Меніңше, болашақта елімізде жаңа көлік брендттері келуі мүмкін", - деді ол "Желмая" жобасында.
Оның айтуынша, көлікке деген сұраныс жылдан жылға артып келеді. Бұл жағдайды ескеріп, көлік өндірісін жыл сайын 20 пайызға арттыру жоспарланған.
"Былтыр елімізде 93 мыңнан астам көлік шығарылды оның 82 мыңы жеңіл автокөлік. Биыл тағы 20 пайызға ұлғайтып, 100 мыңнан астам көлік шығару көзделіп отыр. Айта кеткен жөн, біздің елімізде көлікке деген сұраныс өте жоғары. Жақында еліміздегі шетелдік компаниялармен келіссөз жүргізілді. Оларға осындай көп сұранысқа орай жыл сайын бөлінетін квота санын көтеруді сұрадық. Олар биыл 20 пайызға жоғарлатты", - дейді Қазақстандық автобизнес қауымдастығының техникалық реттеу бойынша директоры Ербол Сейпілов.