Алматының тәртіп сақшылары ауа райына байланысты көлік жүргізушілерін сақ болуға шақырады

22.10.2021 17:27
3d-car-shows.com


Алматының тәртіп сақшылары ауа райының күрт бұзылуына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады, деп хабарлайды  Almaty.tv


Ауа райының нашарлауына байланысты Алматының тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады.

«Бұл үндеу, көлік құралын басқаратын қаланың жүргізушілеріне арналады. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін көрсетуге және мұқият болуға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және қала жолдарындағы қайғылы жағдайларды болдырмауға көмектеседі», – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.