Оған елордадағы ауа райы мен ұшақтардың кеш келуі себеп болған
Нұр-Сұлтан әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, алайда бірқатар рейс кешігіп жатыр. Бұл туралы әуе айлағының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ұшып келуге тиіс 36 рейс пен әуежайдан шығуы керек 28 рейстің уақыты кешіктірілді. Тағы 16 рейс тоқтатылды. Оған елордадағы ауа райы мен ұшақтардың кеш келуі себеп болған.
"Жолаушылардан ұшақтардың кешігуі, кейінге қалдырылуы бойынша әуежайдың анықтама қызметі мен әуе компанияларының колл-орталығы арқылы нақты ақпарат алуын сұраймыз. Кешеден бері әуежайда қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Нұр-Сұлтан әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.
Айта кетері, 2022 жылдың 29 наурызында кешке елорда әуежайы қатты жел салдарынан жабылды. Түнде әуе айлағы жұмысын қайта бастады.
Рейстердің кешігуі туралы ақпаратты әуежай сайтынан көруге болады.
Дереккөзі: Sputnik