Алакөлге жазғы пойыздар қашан қатынайды

27.04.2022 17:19

"ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасын да пайдалануға болады

Фото: ашық дереккөзден

Жазда Алакөл көлі бағытында пойыздар іске қосылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ Алакөл көлі бағытында биыл жазда екі жолаушылар пойызы қатынайды.

Алакөлге мынадай бағыттар бойынша жетуге болады:

№221/222 Алматы - 2-Достық (коммерциялық) пойызы аптасына 3 рет Алматы-2 вокзалынан 2022 жылдың 15 маусымынан 31 тамызына дейін сәрсенбі, жұма, дүйсенбі күндері қатынайды; Достықтан пойыз 2022 жылдың 16 маусымынан 1 қыркүйегіне дейін бейсенбі, сенбі және сейсенбі күндері жүреді;

Нұр-Сұлтан-1– Достық бағытындағы №258/257 пойызы Нұр-Сұлтан – 1 вокзалынан аптасына 2 рет 2022 жылдың 16 маусымынан 28 тамызға дейін бейсенбі және жексенбі күндері; Достықтан 2022 жылдың 17 маусымынан 29 тамызға дейін жұма және дүйсенбі күндері қатынайды.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы онлайн-билет рәсімдеуді ұсынады. "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасын да пайдалануға болады. Егер билеттер болмаса, "күту парағы" функциясын таңдау керек.