Ақтауда такси жүргізушісі жолаушының ұмытып кеткен 300 мың теңгесін қайтарып берді. Жолаушы көлікке ұмытып кеткен сөмкесін үйіне кіргенде бір-ақ білген. Такси жүргізушісі ақшасын 1 сағаттан кейін әкеліп берген, деп жазады Lada.kz.
Әйел таксиді жолдан ұстағанын айтады. Ақшұқыр ауылының 27-шағынауданға дейін барған.
«Үйге кіргеннен кейін тәтеме ақшаны ұмытып кеткенімді айтып, не істерімді білмей, қобалжи бастадым. Сөмкенін ішінде тәтемнің 300 мың теңгесі мен менің банк карточкам болған. Танысыма хабарласып, не істеймін деп сұрап жатқанымда есік қағылды. Ашсам, әлгі такси жүргізушісі сөмкені әкеп тұр. Төменгі қабаттағылардың есігін қағып менің қайда тұратынымды сұрапты. Тәтем оған ақшалай сүйіншісін берді. Ер адамның атын да сұрамаппыз. Тек көлігі Lexus екенін білемін. Айтайын дегенім, әлі де адал, мейірімді адамдар бар екен», - дейді бойжеткен.